Alash Pride FC клубының өкілі Арман Оспанов Индонезияда жекпе-жек өткізетін жеңіл салмақта ONE FC бұрынғы чемпионы Қайрат Ахметовке қолдау көрсетті.

«Ал, Қазақ елі! Қайрат Ахметов бауырымыздың айқас алаңына шығуына санаулы уақыттар қалды! Бірігіп қолдау көрсетейік», - деп жазды «Сұңқар» Инстаграм парақшасында.

Жеңіл салмақта ONE FC бұрынғы чемпионы Қайрат Ахметов бүгін филиппиндік Гетдже Эустакиоға қарсы жекпе-жек өткізеді.

Prosports.kz назарларыңызға аталған жекпе-жектен тікелей трансляцияны ұсынады: СІЛТЕМЕ 1, СІЛТЕМЕ 2.

Total Victory турнирі Астана уақытымен 19:30-да басталады. Ал Ахметов-Эустакио арасынадғы кештің басты жекпе-жегі 21:30-да басталады деп жоспарлануда.

5 тамыз күні Макаода өткен ONE FC Kings and Conquerors промоушенінің турнирінде «Қазақ» бразилиялық Адриано Мораестен жеңіліп, ONE FC белбеуінен айырылып қалған болатын.

Айта кетейік, Қайрат Ахметов аралас жекпе-жекте 21 жекпе-жек өткізіп, оның жиырмасында жеңіск жетсе, біреуінде қарсыласына есе жіберді. Егер «Қазақ» филиппиндік қарсыласы Гетдже Эустакионы тізе бүктірсе, ONE FC белбеуінен қайтаруға мүмкіндік алады. Жекпе-жек Джакарта қаласында өтеді.