Ертең, 16 қыркүйек күні жеңіл салмақта ONE FC бұрынғы чемпионы Қайрат Ахметов пен филиппиндік Гетдже Эустакио арасында жекпе-жек өтеді.

5 тамыз күні Макаода өткен ONE FC Kings and Conquerors промоушенінің турнирінде «Қазақ» бразилиялық Адриано Мораестен жеңіліп, ONE FC белбеуінен айырылып қалған болатын.

Айта кетейік, Қайрат Ахметов аралас жекпе-жекте 21 жекпе-жек өткізіп, оның жиырмасында жеңіск жетсе, біреуінде қарсыласына есе жіберді. Егер «Қазақ» филиппиндік қарсыласы Гетдже Эустакионы тізе бүктірсе, ONE FC белбеуінен қайтаруға мүмкіндік алады. Жекпе-жек Джакарта қаласында өтеді.