Бүгін Алматыда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында футболдан аула командалары арасында жарыс өтті.

Астана күніне арналған спорттық іс-шараға 1000-ға жуық әуесқойлар қатысты.Теңбіл доп додасында 114 команданың ішінде 64 ұжым «А» лигасында өнер көрсетсе, 50 «Б» лигасында доп тепті.