Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Астана» мен «Спартак» (Латвия) арасындағы алғашқы кездесу Юрмалада өтуі мүмкін. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.

«Астана» және «Спартак» (Латвия) футбол клубтары Чемпиондар Лигасы 2017/18 екінші іріктеу кезеңінің алғашқы кездесуін 12 шілде күні Юрмалада (Латвия), ал жауапты ойынды 18 маусымда Астанада өткізу туралы алдын-ала келісімге келді.

Ойын күндерін өзгерту туралы шешімді Қазақстан футбол Федерациясы мен Латвия футбол Федерациясы мақұлдады. Енді екі команда УЕФА-ның ресми шешімін күтіп отыр. Нақты ақпарат жақын күндері белгілі болады.