Кеше футболдан Қазақстан кубогының финалистері белгілі болды.

Алматы мен Атырауда өткен қарымта кездесулерде алаң иелері сенімді жеңіске жетті. Енді «Қайрат» пен «Атырау» 14 қазанда Ақтөбедегі Орталық стадионда кубокқа таласады.

Жартылай финалдық кездесулердің қалай өрбігенін мына видеолардан анық байқауға болады.

«Қайрат» - «Ордабасы» 3:1 (бірінші ойын – 0:0)

«Атырау» - «Шахтер» 3:0 (бірінші ойын – 0:1)