Марокко ұлттық құрамасының 30 жастағы шабуылшысы Халид Бутаиб қазақстандық клубтан ұсыныс алған.

Mountakhab ақпаратына сүйенсек, форвард түркиялық «Малатьяспор» клубына ауысты. Бірақ оған Қазақстаннан да ұсыныс түскен.

«Қазақстан мен Оңтүстік Кореядан ұсыныстар түсті... Олар маған, расымен де, миллиондап ақша ұсынды, мен кетуге дайын болдым!», - деді Бутаиб France Football-ға берген сұхбатында.

Былтырғы маусымда Халид Бутаиб француздың 2 лигасында (екінші дивизион) «Страсбур» сапында 34 ойын өткізіп, 20 гол соққан болатын.