Колумбиялық жартылай қорғаушы Рохер Каньяс қазір Астанада жаттығу жасап жүрсе де, ол елордалық клуб сапында өнер көрсетпейді.

«Рохер – білікті футболшы, «Астана» үшін көп нәрсе істеді, екі рет еурокубоктың топтық кезеңінде ойнады. Біздің клубпен бірге мүмкін болғанның бәрін жеңді – үш чемпиондық титул, Қазақстан Кубогы мен Суперкубогы. Біздің клубта жеңіске тойды деуге болады. Рохерге өз мансабына жаңа парақ, жаңа күш қажет. Каньястың жалға берілген уақыты бітті, қазір командамен жаттығу жасап жүр. Бірақ мансабын басқа клубта жалғастырады», - деді «Астананың» бас менеджері Саян Хамитжанов.

Естеріңізге сала кетсек, Каньяс «Астана» сапында үш маусым өткізіп, 127 матчқа қатысты, 16 гол соқты. Кейін кипрлік АПОЭЛ-ге жалға беріліп, осы жазда командаға қайтып келді.