ГЛАВНАЯ
Еуропа чемпионатын тікелей эфирде тамашалаймыз
Еуропа чемпионатын тікелей эфирде тамашалаймыз

10 маусым мен 10 шілде аралығында Францияның 10 қаласында өтетін футболдан Еуропа чемпионатын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

15-ші Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде алғаш рет 24 құрама өнер көрсетпек. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы турнирдегі 51 кездесудің 36-сын, «Kazsport» телеарнасы 15-ін көрсетеді. Сонымен қатар, «Kazsport» телеарнасында барлық матчтар қайталап көрсетіледі.

«Әр күні назарларыңызға 3 матч ұсынылады. Кешкі сағат 18:50-де басталатын күннің алғашқы ойынын «Kazsport» телеарнасы, ал сағат 21:50 мен 00:50-де басталатын ойындарды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді», - деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметі.

Негізгі трансляциялардан бөлек, UEFA EURO – 2016 кезінде арнайы студиялық бағдарламалар да жоспарланған. Әрбір кездесудің алдында тікелей эфирге шығатын жоба барысында жүргізушілер мен студия қонақтары Еуропа чемпионатын талқылап қана қоймай, түрлі конкурстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или