Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореядағы турнирде алты жүлде жеңіп алды

Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореядағы турнирде алты жүлде жеңіп алды

Санджу қаласында (Оңтүстік Корея) күрес түрлерінен өткен Korea Open халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл жарыста алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Эльмира Сыздықова жарысты алтынмен аяқтады. Ол 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.

Грек-рим күресінде Айбек Айтбеков (60 келі) пен Диас Сейітқалиев (77 келі) финалға дейін жеткенімен, шешуші белдесулерде жеңіліс тапты. Нәижесінде күміс медаль иеленді.

Үшінші орынды Мақсат Сайлау, Темірлан Тұрдақын (екеуі де 87 келі салмақта), және Нұрасыл Аманәлі (97 келі) иеленді.

Кирилл Герасименко Азия құрамасына енді


Источник: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или