Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы жеті медаль жеңіп алды
Әскери күрестен 37-әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.
18-24 қарашада Ереван қаласында әскери күрестен 37-әлем чемпионаты өтті. Халықаралық әскери спорт кеңесінің (Conseil International du Sport Militaire – CISM) қамқорлығымен өткен турнирге 21 елден 400-ге жуық спортшы қатысты.
Ұлттық құрамалардың әскери қызметкерлер арасында әлемнің ең мықты жауынгерлері атағын сарапқа салды Қазақстан, Албания, Армения, Беларусь, Колумбия, Франция, Венгрия, Үндістан, Иран, Италия, Иордания, Корея Республикасы, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Корей Халық Демократиялық Республикасы, Румыния, Ресей, Швейцария, Тунис, Түркия және АҚШ.
Турнирге Қазақстан құрамасының атынан 17 балуан қатысып, оның жетеуі медаль жеңіп алды. Еркін күрестен «алтынды» финалда Үндістан балуанын жеңген Мейіржан Әшіров (70 келі) пен финалда ирандық балуанды жеңген Камил Куруглиев (97 келі) жеңіп алды. Турнирдің грек-рим күресі бойынша финалдық белдесуде Иран спортшысын жеңген Әлімхан Сыздықов (130 келі) чемпион атанды.
Қазақстан құрамасына қола медальдарды еркін күресші Рүстем Мирзағалиев (86 келі), Айдос Сұлтанғали, грек-рим күресі (60 келі), сондай-ақ турнирде әйелдер арасында: Светлана Анкичева (50 келі) және Марина Седнева (55 келі) әкелді.
Осы нәтижелердің арқасында Қазақстан құрамасы әскери күрестен 37-әлем чемпионатының қорытындысы бойынша турнирде грек-рим күресі бойынша еркін күрестен (барлығы 20 команда) жалпыкомандалық есепте 5-орынды иеленді.