Қазақстандық джиу-джитсу мен грэпплингтен 11 дүркін әлем чемпионы болды

Қазақстандық джиу-джитсу мен грэпплингтен 11 дүркін әлем чемпионы болды


Қазақстандық спортшы, 17 жастағы Жібек Құлымбетова джиу-джитсу мен грэпплингтен 11 дүркін әлем чемпионы атанды.

Спортшының өзі Инстаграмм әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім еткеніндей, Грекияның Ираклион қаласында өткен дүниежүзілік додада Ju jitsu newaza бөлімі бойынша үздік шыққан.

Аталмыш чемпионатқа әлемнің 56 елінен 2 031 спортшы қатысып, бақ сынаған,

Жібек Грекия, Израиль, Франция, БАӘ және Моңғолия елдерінен келген мықты қарсыластарынан басым түсіп, өзінің салмағында теңдессіз екендігін тағы бір дәлелдеді.

Жібек Құлымбетова қазақ еліндегі қолдаушыларына алғысын білдіріп, көк байрақты жоғары көтеріп, жеңіске жеткеніне қуанышты екендігін жазды.

Осылайша, Жібек небәрі 17 жасында джиу-джитсу мен грэпплингтен11 дүркін әлем чемпионы атанып отыр.

Источник: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или