Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен республикалық турнир өтеді
12-14 қараша аралығында Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында Олимпиада және Әлем чемпионы, Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен 2005-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында ашық республикалық турнир өтеді. Ашылу салтанаты 12 қараша, сағат 10:00-де болады.

Бәсекенің мақсаты – елімізде грек-рим күресін насихаттау; Олимпиада және Әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті еске алу, есімін жаңғырту; жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу;

Жарысқа елімізбен қатар алыс-жақын шет мемлекеттердің құрама командалары қатысады деп жоспарланған (Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан). Қатысушылар: 45 кг, 48 кг, 51 кг, 55 кг, 60 кг, 65 кг, 71 кг, 80 кг, 92 кг және 110 кг салмақ дәрежесінде сынға түседі. Жарыста I, II, III орын алған спортшылар арнайы медаль, дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталады.

I орын - 300 000 тг;

II орын - 200 000 тг;

III орын - 100 000 тг;

Әр салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз спортшының жаттықтырушысына - 100 000 тг.