Alay.pro
Другие

Алау.про мектебі 1000 метрдегі үздіктерін анықтады

 Алау.про мектебі 1000 метрдегі үздіктерін анықтады
news-banner7
mobile-news-top

Өткен аптада 7 наурыз күні Алау.про тиімді жүгіру мектебінің әуесқой желаяқтары арасында 1000 метрге жарыс өтті. Бұл – жүгірушілердің дайындығын бақылауға бағытталған маусымның ішкі алғашқы жарысы.

Бір шақырымды жылдамдыққа жүгіру Алматы қаласының Орталық Стадионында өтті. Жарысқа қатысқан 30 жігіт пен 30 қыз жүгірушілер де өте жақсы нәтиже көрсетіп, көпшілігі жеке рекордтарын жаңартты.

Финалға іріктеу кезеңінде қашықтықтықты барынша жылдам бағындырған жүйріктер ғана жіберілді. Ал үздіктер жиналған ақтық сайыста мәре сызығын бірінші қиған үш ер, үш әйел желаяқ естелік медаль мен арнайы дипломға ие болды.

Мұндай белгілі қашықтыққа жүгіру жарыстары не үшін керек?

Алексей Гусаров, Алау.про жаттықтырушысы:

– Бұл тәжірибелік ішкі жарыс – әуесқой атлеттердің осал тұсын анықтап, физикалық дайындығын тексеруге таптырмас әдіс. Әрі спортшының болашақтағы өрлеуін бақылау үшін маңызды. Мұндай жүгірулерді айына бір рет өткізіп тұрған дұрыс және оған жетелейтін арнайы жаттығу жасаудың қажеті жоқ. Себебі, ол – жалпы жаттығу барысының, оның ішінде тиімді жаттығу кезеңінің бір бөлігі.

Менің ойымша, барлық қатысушы бұл жолы аянып қалмай, лайықты нәтиже көрсетті. Басым бөлігі жеке рекорд орнатып, өздеріне сенімі күшейді!

Владимир Борисов, Алау.про жаттықтырушысы:

– 1-5 шақырымға арналған орта стайерлік жарыстар әуесқойлардың функциональдық деңгейінің өсуіне үлкен үлес қосады. Оған қоса, жүгірушілердің жаттығу барысындағы дамуын бағамдауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, жаттығу сапасын арттырады.

Негізінен, әуесқойлар жылдам жүгірудегі төзімділікті қадам-қадам дамытатындықтан, алғашында осындай қашықтықтан бастағаны абзал. Алайда, арасында келе сала жартылай марафон, марафонға да қол созатындар жоқ емес.

Ал ең басты артықшылығы, ол әуесқой атлеттердің жүгіруге деген қызығушылығының артуына көмектеседі. Жаттығу циклінің әрқилы болуы маңызды. Жай жүгіру, дене шынықтыру даярлығы, фартлек, т.б. түрлерін араластырып отыру қажет. Мұндай жарыстар жүгірушіні мақсатына жақындатады. Жаттығуға ынтасы артып, әрі тапсырмаға жауапкершілікпен көңіл бөлуіне жол ашады.

Алау.про жүгіру клубында мұндай жүгірулер бір тоқсанда бірнеше рет ұйымдастырылады. Өткен аптада 1000 метрге арналған жарыс өтсе, алдағы жексенбі күні әуесқой жүгірушілер 5000 метрде бап сынайды. Одан кейін 10, 21 шақырымдарға да кезек келеді. Сондай-ақ, жүйелі түрде Long Run және Die Hard жүгіру күндерін өткізіп тұрады. Біріншісі, төменгі пульспен ұзақ қашықтық жүгіруге бағытталса, екіншісі ұзақ шақырымға қарқынды жүгіруді мақсат тұтады.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии