Қызыл қағаз, қақтығыс. «Қайрат» пен Мәскеудің «Динамосы» «жолдастық» матчта тең тарқасты
Алматылық «Қайрат» Түркиядағы үшінші оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы жолдастық кездесуінде Мәскеудің «Динамосымен» жолдастық кездесу өткізді, деп жазады Prosports.kz.
Қазақстандық клубтың негізгі құрамы: Покатилов, Миканович, Әліп, Дугалич, Сүйімбаев, Гуральский, Әбікен, Вржешинский, Алыкулов, Шушеначев, Эсеола.
Жолдастық кездесуде болса да қос команда алғашқы минуттардан алаңға бар мықтысын шығарды. Бірінші тайм голсыз аяқталды.
Екінші таймның 57-ші минутында «Қайраттың» жас футболшысы Данияр Үсенов қырағылық танытып есеп ашса, мәскеулік команда сапынан Сильвестр Игбун есеп теңестіріп кетті.
Матчтың соңғы он минуты жолдастық кездесуге ұқсамады. Қос команда арасындағы қақтығыс кезінде «Динамо» қорғаушысы Тони Шунич алаңнан қуылды. Оның үстіне ойын барысында қос команда тарапынан 9 футболшыға сары қағаз көрсетілді.
Еске салайық, 15 ақпанда «Қайрат» украиндық «Днепр-1» клубымен спаррингтік кездесу өткізеді.
«Қайрат» - «Динамо» (Мәскеу, Ресей) - 1:1
Гол соққандар: Данияр Үсенов 57 - Сильвестр Игбун 72