Головкин Польшаның үздік боксшысымен кездесуі мүмкін
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегінде Камил Шереметаға қарсы айқасқа түсуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
TheAthletic порталының ақпаратынша, GGG шаршы алаңға келесі жылдың басында оралады. Қазіргі таңда Головкиннің тарабы Шереметаға қарсы айқасты ұйымдастыруда IBF-тен жауап күтіп отыр.
Сонымен қатар, 2020 жылдың көктемінде Геннадий Сауль Альвареспен трилогия өткізуге дайын екенін жеткізді.
Головкин IBF және IBO белбеулерін қайтарып алды
Камил Шеремета кәсіпқой мансабында өткізген 21 айқасының бәрінде жеңіске жеткен. Шеремет WBC және WBA орташа салмақтық рейтингтерінде жоғары сатыда орналасқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или