Тосын жайт, тартысты ойындар

Тосын жайт, тартысты ойындар

Волейболдан Азия чемпионатының екінші күні, алғашқы күнді өткізіп жіберген үш команда үшін шымылдықашар болды. Осы турнирде индонезиялық «Гаруда» жұмбақ-командасы жарқын өнерімен есте қалды. Олардың жасаған қадамы сәтті болды. Себебі шри-ланкалық «Ланка-Лайонсты» олар «С» тобының соңғы орнына апарып тықсырды. Есеп 3:0, (25:20, 25:16, 25:11).

Ертең «С» тобының көшбасшысы болуға индонезиялық бұрымдылар Ветнам чемпионадарына қарсы ойнамақ.

Біздің «Алтай» арулары бақ сынап жақтан «В» тобында ең сылбыр ойын танытқан клуб та белгілі болды. Бұл ойын күнін еліміздің үш дүркін чемпиондары өткізіп жіберді. Есесіне, Иран елінің «Пайкан» және Қытайлық Тайпейдің үздігі «CMFC» аса шиеленісті, әрі тартысты ойын көрсетті. «Пайкандықтар» екі сетте алда еді. Алайда қашан да ширақ ойынымен жанкүйер жадында қалған тайпейліктер қалған үш сетті өз пайдасына шешіп, жеңісті жұлып кетті. Оның үстіне, шешуші бесінші кезеңде ирандықтардың әбден діңкесі құрыған еді. Қорытындысында 3:2 (24:26, 26:24, 15:25, 25:16, 15:11) есебімен «CMFC» клубы жеңіске жетті. «Пайкан» волейболшылары енді нақты соңғы орында қалды. Ал «Алтай» ойыншылары ертең жоғарыда аталған Қытайлық Тайпей командасымен мықтыны анықтайды.

Бүгінгі күннің басты кездесуі деп тайландық «Суприм» мен Жапониядан келген «НЕК Ред Рокетс»-тің тартысты кездесуі көрермендерді де айтарлықтай әсерге бөледі. Екі кезең бойынша тайландтық клубтың көші ілгері болды дерсіз, десе де, қалған үш сетте асқан жігерлік танытқан жапониялық бұрымдылар жеңілістің алдын алды. Қорытынды есеп 2:3 (25:20, 25:21, 22:25, 18:25, 11:15), жеңіс «НЕК Ред Рокетс»-тің еншісінде.

Осы ойыннан кейін «А» тобындағы жағдай мүлде шиленісіп кетті. Енді жоғары ұпай алуға екі команданың да шамасы жетеді. Барлығы ертеңгі болатын топтық шешуші ойыннан анықталады.

Айта кетейік, өткен жылы аймақ басшысы Даниал Ахметовтың бастамасымен елімізде алғаш рет әйелдер клубтары арасында волейболдан Азия чемпионаты өткен болатын. Ауқымды шараны өткізу үшін Б.Александров атындағы спорт сарайының алаңында және жаттығу бөлмелері толық модернизациядан өтіп, Азия волейбол конфедерациясы талабына сай келген еді. Енді биыл аталмыш ұйым ауқымды доданы екінші жыл қатарынан шаһарымызда өткізуге келісімін берді.

 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или