Арман Оспанов ACB ұйымымен келісімшартқа отырды
Қазақстандық файтер Арман Оспанов ACB (Absolute Championships Berkut) ұйымымен ресми түрде келісімшартқа отырды.
Бұл жайлы alash pride жекпе-жек клубының инстаграмдағы ресми парақшасы жариялады. Келісімшарт бойынша жерлесіміз бір жыл ішінде 3 кездесу өткізуі тиіс.
«Ұсыныстар көп болды. Алайда, біз ACB ұйымын таңдадық. Себебі мұнда әлемдегі мықты файтерлер күш сынайды және жекпе-жетер әлемнің сант-түрлі елдерінде өтеді. Біздің мақсатымыз – жартылай жеңіл салмақтағы ACB ұйымының чемпионы атанып, белбеуін иемдену. Сонымен қатар, осы мақсатпен ғана тоқталмай UFC жолдама алу».
Айта кетейік, бұған дейін WSOF ұйымы Арман Оспановпен допинг дауына байланысты келісімшартын үзген еді. Ал бірнеше уақыттан кейін Арманды өзіміздің жерлестер аяқтан шалып, опасыздық жасағаны белгілі болды.