Қаза болған спортшының өзі қылмыскер болған
Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде Ақмола облыстық ІІД басшысының орынбасары Ербол Жүсіпов мəлім етті, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Еске салайық, осыған дейін танымал спортшы пауэрлифтингтен әлем чемпионы Евгений Галузинскийдің бұзақылардың қолынан қаза болғаны туралы ақпарат жариялаған болатынбыз.

Евгений Галузинский пауэрлифтингтен балғындар арасында əлем чемпионы, жастар арасында əлем чемпионатының жүлдегері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы. 2009 жылы Бразилияда пауэрлифтингтен IPF нұсқасы бойынша төрт мəрте əлем рекордтын жаңартты. Марқұмның артында əйелі мен 1,5 жастағы қызы қалды.

ІІД басшысы орынбасарының айтуынша, күдіктілердің барлығы 18-20 жастағы жергілікті тұрғындар - Көкшеа кадемиясының студенттері. "

Тергеу амалдары барысында анықталғандай, сол күні екі жақтың алкогольдік ішімдік ішіп алғаны расталып отыр. Дүкендегі бейне таспа жəне күдіктінің түсініктемесі бойынша бірінші Галузинский жұдырық жұмсаған, деп түсіндірді Е. Жүсіпов.

Сонымен қатар, ол Евгений Галузинскийдің ұрлық үшін істі болғанын атап өтті. Алғаш рет 2016 жылдың тамызында облыстық балалар ауруханасына 3 кислород балонын ұрлаған. Онда зардап шегуші тараппен мәмілеге келген. Ағымдағы жылдың ақпанында ұрлық жасамақ болғаны үшін тағы да ҚР ҚК 187-бабы бойынша істі болған. Бұл жолы іс күдіктінің өлуіне байланысты қылмыстық іс жабылған. Сөз соңында ІІД басшысының орынбасары күдіктілердің барлығы қылмыстан құтылмай, тиісті жазасын алатын айтып сендірді.