ӘЧ: Португалияны қиын қарсылас күтіп тұр
Футболдан әлем чемпионатында топтық кезеңнің екінші тур матчтары аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
К тобында екінші орында тұрған Португалия соңғы турда көш басындағы Колумбияны жеңбесе, 1/16 финалдағы жағдайы қиындауы мүмкін. Криштиану Роналдудың командасы оңтүстік америкалықтардан екі ұпай қалып тұр. Жеке матчта тең ойнап немесе жеңілсе Португалия екінші орында қалады.
Бұл топта екінші орын алған ұжым L тобында екінші орынға тұрақтаған құрамамен кездеседі. Аталмыш топта төрт ұпаймен Англия доп айырмашылығы бойынша көш бастап тұр. Екінші орынға дәл осындай ұпаймен Гана жайғасқан. Үш ұпайы бар Хорватия үшінші орында. Англия соңғы турда топ аутсайдері Панамамен ойнаса, Гана мен Хорватия өзара текетіресте кім мықтыны анықтауға тырысады. Панама соңғы орыннан көтеріле алмайды. Демек, екінші орынды үш мықтының бірі иемденеді.
Португалия Колумбияны жеңе алмай, Англия Панамаға қарсы матчта ұпай жоғалтып, Гана Хорватиядан басым түссе, 1/16 финалда Англия - Португалия жұбын көреміз.
Хорватия бір доп айырмашылығымен Панаманы жеңді. Видео