Португалия өзбектер қақпасына бес доп соқты

Португалия өзбектер қақпасына бес доп соқты

Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші матчында Португалиядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хьюстондағы матч Португалияның пайдасына 5:0 есебімен аяқталды.

Криштиану Роналду екі гол соқты. Нуну Мендеш пен Рафаэль Леау да мергендік танытты. Қорғаушы Абдукадыр Хусонов өз қақпасына гол соғып алды. 

Екі матчтан кейін Португалия төрт ұпай жинап, K тобында көш бастап тұр. Колумбияда үш ұпай бар, бірақ бір матч кем өткізген. Конго Демократиялық Республикасы бір ойыннан кейін бір ұпай жинады. Өзбекстанда әлі ұпай жоқ.

Колумбия келесі топтық матчта 24 маусымда Конго Демократиялық Республикасымен кездеседі. Топтық кезеңнің соңғы ойындары 28 маусым түнінде, Астана уақыты бойынша өтеді: Өзбекстан Конго Демократиялық Республикасымен, ал Португалия Колумбиямен кездеседі. Екі матч та таңғы сағат 4:30-да басталады.

Еске сала кетейік, бұл Өзбекстан құрамасы үшін алғашқы әлем чемпионаты.


Роналду Өзбекстанға қарсы матчта бірден екі рекорд жаңартты

Роналду 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы голын соқты

Әлем чемпионаты: Алжир құрамасы Иорданияны жеңді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или