1XBET - ставки на спорт

Тікелей көрсетілім. Португалия — Өзбекстан матчы

Тікелей көрсетілім. Португалия — Өзбекстан матчы

Бүгін, 23 маусымда Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы екінші ойынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өзбекстан мен Португалия арасындағы матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады және оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Командалар ешқашан бір-бірімен ойнамаған. Алдағы матч Португалия мен Өзбекстан арасындағы алғашқы кездесу болады.

K тобына Португалия, Колумбия, Конго Демократиялық Республикасы және Өзбекстан кіреді. Бірінші турдан кейін Колумбия үш ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр.

Кестеде келесі орында Португалия мен Конго Демократиялық Республикасында бір ұпайдан келеді. Өзбекстан нөл ұпаймен топта соңғы орында тұр.

Әлем чемпионаты: Алжир құрамасы Иорданияны жеңді

Норвегия - Сенегал матчында 5 гол соғылды

Франция Иракты жеңіп, плей-оффқа жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или