Франция Иракты жеңді

Франция Иракты жеңді

23 маусым түні Франция мен Ирак арасында 2026 жылғы әлем чемпионаты топтық кезеңінің екінші тур ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

I тобындағы матч АҚШ-тың Филадельфия қаласында өтіп, Франция 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Килиан Мбаппе дубль жасады. Усман Дембеле бір гол соғып, бір голдық пас берді. Майкл Олисе де екі голдық пас берді.

Франция екі ойыннан алты ұпай жинап, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ирак бұл әлем чемпионатында әлі ешқандай ұпай жинай алмады.

Соңғы матч күні Франция Норвегиямен, ал Ирак Сенегалмен кездеседі. Екі ойын да 26 маусымда өтеді.

Месси ӘЧ тарихын қайта жазды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или