Кездесуді Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты аясында Испания мен Сауд Арабиясы құрамалары топтық кезеңнің екінші турында өзара кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын Астана уақытымен 21:00-де басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Екі команда да алғашқы турдан кейін бір ұпайдан еншілеген. Испания Кабо-Вердемен 0:0 есебімен тең түссе, Сауд Арабиясы Уругваймен 1:1 есебін тіркеген. Сондықтан бұл матч топтағы жағдай үшін шешуші мәнге ие болуы мүмкін.
Айта кетелік, үшінші турда Испания Уругваймен, ал Сауд Арабиясы Кабо-Вердемен кездеседі. Әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтіп жатыр.
Испания мен Сауд Арабиясы маңызды матч алдындағы құрамдарын жариялады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или