Ең үлкен стадион әлем чемпионатына арналады

Ең үлкен стадион әлем чемпионатына арналады

Марокко 2030 жылғы әлем чемпионатына әлемдегі ең үлкен футбол стадионын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Касабланкадан шамамен 38 шақырым солтүстікте орналасқан Бен Слимане провинциясында (Эль-Мансурия коммунасы) мега-арена салынады. Ол Grand Stade Hassan II деп аталады.

Аренаның сыйымдылығы 115 000 көрермен. Солтүстік Кореядағы 1 мамыр стадионына 114 000 көрермен сияды. Құрылымның сыртқы көрінісі дәстүрлі мароккалық мусс шатыры cекілді.

Турнирден кейін стадион Марокко құрамасының, сондай-ақ Касабланканың екі негізгі клубы - «Раджа» мен «Видадтың» стадионына айналады.


Иран – Жаңа Зеландия матчы тең аяқталды

Әлем чемпионаты: Уругвай Сауд Арабиясымен тең түсті

Швеция мен Тунис арасындағы матчта алты гол соғылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или