Голға толы матчта Швеция құрамасы үш ұпай еншіледі

Голға толы матчта Швеция құрамасы үш ұпай еншіледі

Швеция мен Тунис құрамалары 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мехикодағы Эстадио BBVA стадионында өткен F тобындағы екінші матчта еуропалықтар айқын басымдықпен жеңіске жетті. Грэм Поттердің шәкірттері қарсылас қақпасына бес гол соқса, Тунис тек бір голмен жауап берді. Матч 5:1 есебімен аяқталды.

Гол соққандар: Айяри 7' 90+5, Исак 29, Рекик 43, Дьёкереш 60, Сванберг 84.

Алғашқы турдан кейін Швеция үш ұпаймен өз тобында көш бастады. Бұған дейін Нидерланд пен Жапония 2:2 есебімен тең түсіп, бір-бір ұпайдан жинаған болатын. Ал Тунис ұпайсыз қалды.

Нидерланд мен Жапония арасындағы матч күтпеген нәтижемен аяқталды

Германия алғашқы матчында ірі есеппен жеңіске жетті

Түріктер есеңгіреді, Аустралия сенсация жасады



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или