Аргентина әлем чемпионаты алдындағы соңғы матчында жеңіске жетті
Аргентина 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында Исландиямен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын АҚШ-тың Алабама штатындағы Оберн қаласындағы Джордан-Хара стадионында өтті. Америкалық қазы Розендо Мендоса төрелік етті.
Аргентина 3-0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голдарын Валентин Барко (8-минут), Лионель Месси (72-минут, пенальти) және Тиаго Альмада (86-минут) соқты. Сегіз дүркін «Алтын доп» иегері жарақатынан айығып, 70-минутта алаңға шықты.
2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді. Аргентина J тобында Алжир, Австрия және Иорданиямен кездеседі.
Қырғызстан жолдастық матчта ұпай бөлісті
Саудиялықтар «Барселона» ойыншысына қызығушылық танытып отыр
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или