Сауд Арабияның екі клубы Рафиньяға қызығушылық танытып отыр
Бразилия құрамасы мен «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Рафинья осы жазда клубын ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Журналист Ферран Мартинестің айтуынша, Сауд Арабиясының «Аль-Наср» және «Аль-Хиляль» клубтары 29 жастағы футболшыға қызығушылық танытып отыр. Екі клуб та ойыншы үшін шамамен 80 миллион еуро ұсынуға дайын.
Сонымен қатар, әлеуетті жұмыс берушілер бразилиялықтың қаржылық жағдайын айтарлықтай жақсартуды, оның қазіргі жалақысын төрт есеге арттыруды көздеп отыр.
Рафиньяның каталондық клубпен келісімшарты 2028 жылдың маусымына дейін жарамды. Биылғы маусымда шабуылшы 33 матч өткізіп, 21 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді. Transfermarkt оның құнын 70 миллион еуроға бағалап отыр.
Габон құрамасының бұрынғы футболшысы өлі күйінде табылды