«Реал» клубының жаңа президенті белгілі болды
Мадридтік «Реал» клубында кезектен тыс президент сайлауы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нәтижесінде, Флорентино Перес өз мансабында сегізінші рет «Реал Мадрид» президенті болып сайланды.
79 жастағы функционер сайлауда басты қарсыласы Энрике Рикельмені басып озып, дауыстардың 65%-ын (21 741) жинады. Ал қарсыласқа 35% (11 814) бұйырды.
Айта кетейік, Флорентино Перес 2009 жылдан бері «Реал» президенті болып келеді. Оған дейін 2000-2006 жылдар аралығында да басқарған еді. Енді ол мадридтік клубты кем дегенде 2030 жылға дейін басқармақ.
Оның 22,5 жылдық басшылығы кезінде «Реал Мадрид» 37 жүлде жеңіп алды. Оның ішінде Чемпиондар лигасының 7 кубогы бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или