Жолдастық матч кезінде ойыншы есін жоғалтып алды
Кеше өткен Дания – Украина арасындағы жолдастық матч екінші таймның бел ортасында тоқтатылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Даниялық футболшы Кристиан Эриксен матч кезінде есінен танып қалды. Қос команда ойыншының 65 минутта талып қалуына байланысты ойынды ары қарай жалғастырмауды жөн деп тапты.
Мачтан кейін Дания Кристианның жағдайы жақсы екенін хабарлады:
«Кристианның жағдайы жақсы, ол алаңнан өзі кетті. Меніңше, кардиостимулятор (жүрек ырғағын реттейтін құрылғы) өз септігін тигізді.Енді жағдайдың мән-жайын білу үшін қосымша тексерістен өтуі керек. Біз онымен де, аурухана дәрігерлерімен де байланыстамыз.Ол маған жағдайының жақсы екенін айтып, ойыншыларға сәлемін жолдауымды өтінді»,- деп мәлімдеді ұлттық құраманың дәрігері Мортен Боэсен.
Айта кетейік, дәл осындай жағдай Эриксеннің мансабында Еуро-2020 додасында да болған еді. Кешегі жағдайдан кейін футболшы мансабын аяқтауы мүмкін.
Италия U17 құрамасы Еуропа чемпионы атанды