Испания құрамасы өзгеріссіз қалады
Евро-2024-тегі сәтті нәтижеден кейін Испания ұлттық құрамасында ойыншылардың нөмірлері бойынша ешқандай өзгеріс болмайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бас бапкер Луис де ла Фуэнтенің жариялаған тізіміндегі басты назар аудартқан жайт – жұлдызды футболшылардың нөмірлері болды. «Барселона» жартылай қорғаушысы Гави 9-нөмірді, Педри 20-нөмірді, ал Ферран Торрес 7-нөмірді иеленген.
Ең көп талқыланған шешім – 10-нөмірдің Ламин Ямалға емес, Дани Ольмоға берілуі. Бұған байланысты ішкі жанжал бар деген қауесет тарағанымен, ойыншылар мұны жоққа шығарды.
Ольмоның айтуынша, команда ішінде ешқандай келіспеушілік жоқ, әрі нөмірлер бұрыннан қалыптасқан иерархияға сай бөлінген.
Айта кетелік, Ямал ұлттық құрамада 19-нөмірмен ойнауды жалғастырады.
Эдерсон мансабын «Манчестер Юнайтед» сапында жалғастырады
«Арсенал» жазда үш жаңа ойыншымен келісімшартқа отыруды жоспарлап отыр