Эдерсон мансабын «Манчестер Юнайтед» сапында жалғастырады
«Аталанта» мен Бразилия құрамасының жартылай қорғаушысы Эдерсон мансабын «Манчестер Юнайтедте» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Танымал инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша, тараптар келісімшарт бойынша толық келіскен. Ағылшын клубы ойыншы үшін 45 миллион еуро төлейді, ал ол төрт жылдық келісімшартқа қол қояды.
26 жастағы Эдерсон «Аталантада» 2022 жылдан бері ойнайды. Клубпен бірге Еуропа лигасының жеңімпазы атанған.
«Арсенал» жазда үш жаңа ойыншымен келісімшартқа отыруды жоспарлап отыр
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или