Андони Ираола «Ливерпуль» клубының бас бапкері атанады

Андони Ираола «Ливерпуль» клубының бас бапкері атанады

Ағылшындық «Ливерпуль» клубының жаңа бас бапкері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Танымал инсайдер және журналист Фабрицио Романоның хабарлауынша, Андони Ираола жақын уақытта мерсисайдтық клубтың бас бапкері атанады екен. Соңғы екі күн ішінде келіссөз сәтті өрбіп, «қызылдар» испаниялық маманмен келісімге келді. Ол осы маусымнан кейін өз еркімен «Борнмуттағы» қызметінен кеткен еді.

Осылайша Ираола жақында қызметінен босатылған Арне Слоттың орнын басады. Осыған дейін Андони «Миланмен» және «Байермен» де келіссөз жүргізген еді. Бірақ маман Премьер-лигада қалуды жөн деп санады.

«Арсенал» жазда үш жаңа ойыншымен келісімшартқа отыруды жоспарлап отыр

FIFA әлем чемпионатындағы төрешілердің өкілеттігін кеңейтті

Бразилия қарсылас қақпасына алты доп соқты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или