Энтони Гордон «Барселона» ойыншысы атанады

Энтони Гордон «Барселона» ойыншысы атанады

Ағылшындық шабуылшы Энтони Гордон жақында «Барселона» ойыншысы атанады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша,«Ньюкасл Юнайтед» Гордонды 70 млн еуроға сатуға келісті. Оған бонус қосылып, 80 млн еуродай болады екен. 

Ағылшындық футболшы АПЛ клубтары мен «Баварияның» қызығушылығына қарамастан «Барселонаның» ұсынысын қабылдады.

25 жастағы ойыншы ертең Барселона қаласына аттанып, медициналық тексерістен өтеді. 

Айта кетейік, ағылшындық шабуылшы алда өтетін әлемдік доп додасына қатысады. Англия құрамасының бас бапкері Томас Тухель футболшыны ӘЧ-2026 турниріне қатысатын ойыншылар тізіміне қосқан еді.

«Барселона» маусымды сәтсіз аяқтады

«Лестердің» жас вингері үшін күрес күшейді

«Манчестер Сити» Пеп Гвардиолаға құрмет көрсетеді

«Ливерпуль» қақпашысы италиялық клубқа ауысуы мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или