«Тоттенхэм» — «Эвертон». Тікелей трансляциясы
АПЛ-дың соңғы турындағы матчта «Тоттенхэм» өз алаңында «Эвертон» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
38 ұпайы бар «Тоттенхэм» келесі маусымда АПЛ-да қалуға мүмкіндік беретін соңғы, он жетінші орында тұр. Бір орын төмен жайғасқан «Вест Хэм» екі ұпай кем жинаған.
Бүгін «Тоттенхэм» кемі тең ойнаса, АПЛ-да қалады. «Вест Хэм» өз алаңында «Лидсті» жеңіп, ұпай теңессе де, «балғашылар» доп айырмашылығына байланысты «Тоттенхэмнен» жоғары орналаса алмайды.
«Эвертон» 49 ұпайымен он екінші орында тұр.
Матч Лондонда, «Тоттенхэм Хотспур» стадионында өтеді, басталуы 20:00-ге жоспарланған. Ойынды тікелей эфирде Setanta Sports арнасынан көруге болады.
«Барселона» маусымды сәтсіз аяқтады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или