Спорттық құзға өрмелеуден Испаниядағы Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандықтар анықталды
Спорттық құзға өрмелеуден Алькобендас қаласында (Испания) өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды.
Аталған халықаралық жарыста отандастарымыз «жылдамдық» дисциплинасы бойынша сынға түседі.
Ерлер арасында Әлішер Мұрат, Дамир Тоқтаров, Әмір Маймұратов бақ сынайды.
Ал әйелдер арасында Анна Баларшина, Тамара Улжабаева, Арина Новицкая жүлдеге таласады.
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 28-31 мамыр аралығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или