АҚШ-та нәсілдік жанжалға байланысты өзгерістер орын алды

АҚШ-та нәсілдік жанжалға байланысты өзгерістер орын алды

АҚШ-та нәсілдік жанжалдан кейін бірқатар университеттердің спорт бағдарламаларына қарсы арнайы науқан іске қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қара нәсілді халықтың құқықтарын қорғайтын ұлттық қауымдастық сегіз штаттағы мемлекеттік университеттердің спорт бағдарламаларын бойкоттауға шақырды. Науқан Теннесси, Луизиана, Алабама, Флорида, Миссисипи, Оңтүстік Каролина, Техас және Джорджия штаттарына бағытталған.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, аталған штаттардағы сайлау округтерінің шекарасын өзгерту қара нәсілді қауымның саяси өкілдігін шектейді. Осыған байланысты ұйым спортшыларды, олардың отбасыларын, жанкүйерлер мен демеушілерді қарсылық танытуға үндеді.

Қауымдастық басшысы Деррик Джонсон университеттер қара нәсілді спортшылардың жетістігінен пайда көріп отырып, азаматтық құқық мәселелерінде үнсіз қалмауы керек екенін мәлімдеді.

Науқан аясында талапкерлерге бұл оқу орындарының спорттық ұсыныстарынан бас тарту, ал қазіргі спортшыларға өз платформаларын сайлау құқығын қорғауға пайдалану ұсынылды.

Айта кетелік, сонымен қатар жанкүйерлер мен демеушілерге билет, клубтық өнімдер және лицензиялық тауарлар сатып алмауға үндеу тастады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или