Ұлттық ұлан спортшылары Әлем кубогы кезеңінде 30 медаль еншіледі

Ұлттық ұлан спортшылары Әлем кубогы кезеңінде 30 медаль еншіледі

Мәскеу қаласындағы Халықаралық самбо орталығында қоян-қолтық ұрыстан «Достық кубогы» Әлем кубогы кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа әлемнің 16 елінен 250-ден астам спортшы қатысып, қатысушылар «дуэль», «өзін-өзі қорғау» және «1+1 өзін-өзі қорғау» бағыттары бойынша 30 жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Бұл додада Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының BURKIT TEAM командасы да бақ сынады. 58 келіге дейінгі салмақта Әйгерім Төреханова алтын медаль жеңіп алып, кезең жеңімпазы атанды. Ал 67 келіге дейінгі салмақта Әсембай Манарбек күміс жүлдеге ие болды.

Жалпы есеп бойынша Қазақстан құрамасы өте жоғары нәтиже көрсетіп, 30 медальдың 17-сін алтыннан алып, командалық есепте екінші орынды иеленді.

Айта кетейік, турнир қорытындысынан кейін елге оралған спортшыларды жанкүйерлер, жақындары және ресми өкілдер салтанатты түрде қарсы алды.

Қазақстандық спортшылардың бұл жетістігі елдегі қоян-қолтық ұрыс пен жекпе-жек спорт түрлерінің дамығанын көрсетті.

Қазақстандық файтер өзбекстандық қарсыласына есе жіберді

АҚШ сарапшысы «Махачевті жеңуге мүмкіндігі көп жалғыз спортшы сол ғана…»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или