Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болды

Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болды

Астанада көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жекелей көпсайыстың қорытындысы бойынша алтын медальді Ақмарал Ерекешева жеңіп алды.

Айбота Ертайқызы күміс жүлдеге ие болса, Айым Мейіржанова үздік үштікті түйіндеді.

Топтық жаттығуларда Астана құрамасы топ жарды. Шығыс Қазақстан облысының гимнастары күміс медаль еншілесе, Алматы командасы қола жүлдеге қол жеткізді.

Командалық көпсайыста да Астана құрамасы жеңіске жетті. Шымкент спортшылары екінші нәтиже көрсетті. Алматылық гимнастар ел чемпионатын үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, сәуір айында Ақмарал Ерекешева Бакуде (Әзірбайжан) өткен Әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алған болатын.

Спорттық құзға өрмелеуден ел чемпионатында жеңімпаздар анықталды

Ескек есу слаломынан Қытайдағы Азия чемпионаты: ұлттық құраманың тізімі

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Шанхайдағы Гран-при турниріне қатысады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или