Элдор Шомуродов Түркия чемпионатында үздік атанды

Элдор Шомуродов Түркия чемпионатында үздік атанды

Өзбекстан құрамасы мен «Истанбул Башакшехир» командасының шабуылшысы Элдор Шомуродов 2025–2026 маусымында Түркия Суперлигасының ең үздік сұрмергені атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шомуродов Түркия лигасында 34 ойын өткізіп, 22 гол соғып, бес нәтижелі пас берді. Трабзонспор ойыншысы Пол Онуачу Шомуродовпен бірінші орынды бөлісті. Бірақ, Пол маусым барысында үш голдық пастың ғана авторы атанған. 

Дәл бүгінге дейін Орта Азия елдерінен ешбір футболшы Еуропадағы чемпионаттардың бірінде үздік сұрмерген атанбаған. 

Еске сала кетейік, Элдор Шомуродов маусым басында Стамбул клубына италиялық «Ромадан» жалға ауысты. «Истанбул Башакшехир» лига кестесінде 57 ұпаймен бесінші орын алды. «Галатасарай» Түркия чемпионы атанды, ал «Фенербахче» мен «Трабзонспор» сәйкесінше екінші және үшінші орындарды иеленді.


Жозе Моуриньо «Реалға» қашан келетіні белгілі болды

Неймар әлем чемпионатына барады

«Ливерпуль» бапкері клубтың антирекордын жаңартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или