«Бенфика» Португалия чемпионатының соңғы турында жеңіске жетті
Жозе Моуриньоның басшылығымен «Бенфика» Португалия лигасының маусымын жеңіліссіз аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Лиссабондық клуб соңғы турда «Эшторилді» 3:1 есебімен жеңді.
«Бенфика» 34 матчта 80 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орын алды. Команда 23 матчта жеңіске жетіп, 11 матчта тең ойнады.
Маусым барысында «Бенфика» 74 гол соғып, 25 гол жіберіп алды. Команда келер маусымда Еуропа лигасында бақ сынайды.
Моуриньо 2026/2027 маусымда «Реал Мадрид» тізгінін ұстайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или