«Реал Мадрид» өз алаңында аутсайдерді жеңді
«Реал Мадрид» Испания чемпионатының 36-шы турында өз алаңында «Овьедоға» қарсы ойын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч «Реалдың» пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. Алаңға қайта оралған Килиан Мбаппе голдық паспен көзге түсті.
Бұл жеңістен кейін «Реал Мадрид» 80 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында тұр.
Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы турда мадридтік команда «Барселонадан» 2:0 есебімен жеңіліп, чемпионатта жеңіске жету мүмкіндігінен айырылған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или