Испания премьер-министрі: «Мемлекеттің туын көрсетуді өшпенділік қоздыру деп санайтын дар ессіздер!»
Испания премьер-министрі Педро Санчес «Барселона» шабуылшысы Ламин Ямальдың Палестина туымен шыққан әрекетіне қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Каталониялық клубтың чемпиондық шеруі кезінде 18 жастағы футболшы Палестина туын ұстап шыққан. Бұл оқиға әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланды.
Педро Санчес футболшыны қолдап, мемлекеттің туын көрсету өшпенділік тудыру емес екенін мәлімдеді.
«Мемлекеттің туын көрсетуді өшпенділік қоздыру деп санайтын адамдар не ақылынан айырылған, не өз көзқарасының жетегінде кеткен» деді Испания премьер-министрі.
Сонымен қатар, Санчес Ламин Ямаль көп испандықтың Палестинаға қолдау білдіргенін атап өтті.
Айта кетелік, бұған дейін Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац футболшының әрекетін сынға алып, «Барселонадан» ресми реакция талап еткен болатын. Ал Палестинада Ямальдың әрекеті оң қабылданып, Палестина футбол қауымдастығы ойыншыға алғыс айтқан.