«Зенит» клубының бас бапкері: «Барлығының һәл-жәйі әртүрлі»
Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының бас бапкері Сергей Семак Ресей Премьер-лигасының соңғы туры алдындағы команданың физикалық жағдайы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маманның айтуынша, маусым соңына қарай кейбір футболшылар шаршаңқырағанымен, жалпы команданың функционалдық дайындығы қалыпты деңгейде. Сонымен қатар, бірқатар ойыншыға керісінше матч тәжірибесі жетіспейтіні айтылды.
«Барлығының һәл-жәйі әртүрлі. Бірақ жалпы алғанда команданың физикалық ахуалы жақсы-ақ. Кейбірі маусым соңында аздап шаршады, ал енді біріне ойын тәжірибесі жетіспейді» деді Сергей Семак.
Айта кетелік, Ресей чемпионатының соңғы туры алдында «Зенит» турнир кестесінде бірінші орынға қайта көтерілді. Чемпион атану үшін командаға «Ростовпен» матчта жеңілмеу жеткілікті.