Ерлер құрамасы Каирдегі турнирге аттанады
Семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Мысырдың Каир қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Халықаралық турнирде ел намысын Бексұлтан Әбжал, Қуаныш Ерғашбай, Жанат Нәбиев, Қайназар Нұрқатұлы, Нұрсат Айтмырза, Артем Саркисян, Сұлтан Станбек, Нұрмұхаммед Жайлыбай, Артур Чупраков және Назарбай Саттархан қорғайды.
Жарыс 22-23 мамыр күндері өтеді.
Айта кетейік, Нұрмұхаммед Жайлыбай биыл сәуір айында Бразилияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или