Ұлан-Батордағы құрлық біріншілігінде ел намысын кімдер қорғайды
Таеквондодан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысатын құрамды жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Құрлық біріншілігі 21-24 мамыр аралығында өтеді. Турнирде Қазақстан намысын ерлер мен әйелдер арасындағы түрлі салмақ дәрежелеріндегі спортшылар қорғайды.
Ерлер құрамасына Еркебұлан Еңсегенов, Жавохирхон Исламов, Азим Ниязов, Самирхон Абабакиров, Сұлтанбек Орынбек, Эльдар Бірімбай, Мерген Ғаниев, Батырхан Төлеуғали, Мейір Нұрғазин және Бейбарыс Қаблан енді.
Әйелдер құрамасында Айдана Құмартаева, Нодира Ахмедова, Айдана Сүндетбай, Азиза Қаражанова, Тоғжан Қазынабек, Камила Аймұқашева, Аяулым Асқар, Назым Махмутова және Ақсәуле Ерқасымова өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или