Францияның бетке ұстар футболшысы бақилық болды
Францияның «Лион» клубы тарихындағы ең үздік бомбардир Флери Ди Налло 83 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футболшы мансабында «Лион» сапында 222 гол соғып, клуб тарихындағы ең нәтижелі ойыншы атанған. Сонымен қатар ол Франция кубогын үш мәрте жеңіп алған.
Флери Ди Налло Франция чемпионаты тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде сегізінші орында тұр. Ол ұлттық біріншілікте жалпы 187 гол соққан.
Айта кетелік, Франция құрамасы сапында шабуылшы 10 матч өткізіп, сегіз мәрте мергендігімен көзге түскен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или