Қазақстандық спортшы Power Slap лигасында көтерілді

Қазақстандық спортшы Power Slap лигасында көтерілді

Қазақстандық спортшы Закир Найманбаев Power Slap ауыр салмақ рейтингінде үздік үштікке кірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңартылған тізімде ол бір саты жоғарылап, үшінші орынға жайғасты. Оның алдында Дориан Перес пен Нейт Бернард тұр, ал чемпиондық белбеу Дэмиен Диббеллде.

Соңғы жекпе-жегінде Найманбаев Лас-Вегаста өткен Power Slap 18 турнирінде америкалық Уэсли Менаны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.

Қазіргі таңда қазақстандық спортшы лигада бес жекпе-жек өткізіп, үш жеңіс пен екі жеңіліс көрсеткішіне ие.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или