Тьяго Питарч АПЛ клубына ауысуы мүмкін
«Реал Мадрид» клубтың жас таланттарының бірі Тьяго Питарчты сатуды қарастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Fichajes басылымының мәліметі бойынша, «Лос Бланкос» 18 жасар ойыншы үшін 25 миллион еуро ұсыныс сұрайды. Ағылшын клубы «Астон Вилла» футболшыға басты үміткер.
Дегенмен, «Реал Мадрид» Питарчты қосымша шарттармен жіберуге келіседі. Клуб болашақта қайта сату құнының белгілі бір пайызын, сондай-ақ шамамен 32 миллион еуро тұратын қайта сатып алу опциясын қосқысы келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или