Джиу-джитсудан ұлттық құрама бапкері: Басты мақсатымыз - жазғы Азия ойындарында бабымызда болу

Джиу-джитсудан ұлттық құрама бапкері: Басты мақсатымыз - жазғы Азия ойындарында бабымызда болу

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында джиу-джитсудан бәсекелер аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлттық құрама бұл додада бір алтын, үш қола медаль жеңіп алды. Осы орайда ұлттық құраманың бас бапкері Қуат Сағиев Olympic.kz сайтына берген сұхбатында жарысты қорытындылап, спортшылардың өнеріне баға берді. 

"Бұл Азия ойындарына шамамен бір айлық дайындықпен келдік. Сол жағы да әсер етті деп ойлаймын. Ұлттық құрамадағы спортшылардың басым бөлігі әлі жас жігіттер. Мәселен, 2006 жылғы Әлинұр Қуатұлы ұлттық құрамаға жақында кірген. Сондай-ақ Батыр Теңізбай және Болатбек Сейілхан 2005 жылғы спортшылар. 

Жалпы ұлттық құрамадағы жас жігіттерді әрі бірінші нөмірлі спортшыларды жазғы Азия ойындары алдында тексеріп алғанымыз жақсы болды. Негізі екі алтын күткен едік. Бірақ бұйырғаны осы болып тұр. Кеткен қателіктермен жұмыс істеу керек. 

Бәсекенің деңгейі жайлы айтар болсақ, жарысқа қатысқан 30 ел ең мықты спортшыларын алып келген. 

Ендігі басты мақсатымыз - жазғы Азия ойындарында бабымызда болу. Жалпы, медальсіз қалған жоқпыз. Дегенмен мұнымен шектелмейміз", - деді бас бапкер.

Айта кетейік, жағажайдағы Азия ойындарында Нұржан Батырбеков (69 келіге дейін) алтыннан алқа тақса, Батыр Теңізбай (62 келіге дейін), Әлинұр Қуатұлы (69 келіге дейін), Болатбек Сейілхан (77 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.

Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Қазақстан әйелдер командасы күміс жүлдегер атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или