Қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары белгілі болды

Қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары белгілі болды

Семей қаласында қазақ күресінен жастар (ұлдар мен қыздар) арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өткен жарыстың салтанатты ашылу рәсімімен қатар алғашқы жарыс күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Чемпионатқа Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 400-ден астам жас балуан қатысуда. Жарыс ережесіне сәйкес, ұлдар мен қыздар 16 келі салмақ дәрежесінде өзара күш сынасуда.

Ұлдар

90 келі
І орын – Ислам Мақажанов (ULY)
ІІ орын – Қобылан Қыдырқожа (MAN)
ІІІ орын – Алихан Амантай (ALO)
ІІІ орын – Мансұр Темірхан (ZHM)

100 келі
І орын – Сабырбек Кемелбек (ZHM)
ІІ орын – Берік Қалдыбек (ZHM)
ІІІ орын – Ринат Мырзабек (SHK)

+100 келі
І орын – Әділет Мурзаш (SKO)
ІІ орын – Сенім Маханбет (ZHM)
ІІІ орын – Мейірхан Бейсенәлі (TRK)
ІІІ орын – Бейбарыс Сұлтан (KZO)

Қыздар

65 келі
І орын – Сабина Әлібек (SHM)
ІІ орын – Диляра Егізбай (ALO)
ІІІ орын – Сезім Өтеулі (ZHM)
ІІІ орын – Жания Пернебек (ZHM)

70 келі
І орын – Ұлдана Ходжаназарова (MAN)
ІІ орын – Дарья Забильская (BKO)
ІІІ орын – Жансая Ахметова (AST)
ІІІ орын – Дария Бейсембекова (TRK)

77 келі
І орын – Гулнур Рсынхан (TRK)
ІІ орын – Сайда Қабылжан (ZHM)
ІІІ орын – Мария Нестерова (TRK)

+77 келі
І орын – Гүлдана Теңелбаева (MAN)
ІІ орын – Сабина Кулумбетова (BKO)
ІІІ орын – Снежана Якубова (SHM)
ІІІ орын – Даяна Орынбасар (TRK)

Айта кетсек, екінші жарыс күні ұлдар 66, 74, 82 келі, ал қыздар 56 және 60 келі салмақ дәрежелері бойынша белдеседі.

Қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

Қазақ күресінен аралас командалық жарыста жеңімпаз анықталды

Түркістанда қазақ күресінен ел кубогы мәресіне жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или